Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері Ауғанстандағы ахуалды талқылады

Опубликовано:

Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров
Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров. Фото: Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты

Премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесіп, Ауғанстандағы жағдайды талқылады деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Ресей тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары -  сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.

Екіжақты күн тәртібін талқылау кезінде жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы кездесулердің кестесі қаралды, адам құқықтары туралы тақырып бойынша өзара іс-қимылды күшейту бойынша жалпы түсінікке қол жеткізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстанға келетінін жазған едік. Іссапар 18-19 тамызға жоспарланған.

Сапар барысында Мишустин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминмен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Одан бөлек, Ресей үкіметінің басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927880-qazaqstan-men-reseidin-syrtqy-ister-ministrleri-auganstandagy-axualdy-talqylady/

pixel