RU

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне Асқар Умаров келді деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Асқар Қуанышұлы Умаров Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды" делінген хабарламада.

Айта кетейік, Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген.

  • 1997-1998 жылдары — "Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың" әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.
  • 1998-1999 жылдары — "Қазақстанның шағын бизнесі" журналында маркетинг жөніндегі маман.
  • 2001-2005 жылдары — "Новости недели" РГ" ЖШС тілшісі.
  • 2005-2006 жылдары — "Қазақстан" РТРК" АҚ – "Астана" ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы.

Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

  • 2008-2010 жылдары — "Нұр-Медиа" ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.
  • 2011-2013 жылдары — "Түркі академиясы" КЕАҚ вице-президенті.
  • 2014 жылы — "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры.
  • 2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті.
  • 2017-2020 жылдары — "ҚазАқпарат" ХАА ЖШС бас директоры.
  • 2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — "ҚазАқпарат" ХАА АҚ басқарма төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927887-aqparat-zane-qogamdyq-damu-vice-ministri-tagaiyndaldy/