Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамп Ауғанстанның экс-президентін "алаяқ" деп атады

Опубликовано:

Дональд Трамп
Фото: Alex Wong/Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ауғанстанның экс-президенті Ашраф Ганиді "алаяқ" деп атап, "оның жазадан құтылып кеткенін" айтты деп хабарлайды Times Now News.

Дональд Трамп ешқашан Ашраф Ганиге сенбегенін айтқан.

"Мен оны алаяқ деп ойлаймын. Мен оны өлімнен құтылып кетті деп ойлаймын. Ол өзінің бар уақытын біздің сенаторларымызға түскі ас беруге және сый-сияпат жасаумен өткізді", - делінген Трамптың мәлімдемесінде.

15 тамызда Ауғанстан президенті Ашраф Гани шетелге қашып кеткеннен кейін, тәліптер жеңіске жетіп, үкімет ыдырады. Басқа елдер секілді АҚШ-та өз азаматтарын және шетелдік үкімет пен ұйымдарға байланысы бар ауған азаматтарын эвакуациялауды бастады.

"Менің ойымша, осы жылдар ішінде еліміз осыншалықты қорланған жоқ. Сіздер мұны әскери жеңіліс дейсіздер ме әлде психологиялық жеңіліс дейсіздер ме, мұны білмеймін", - деді Трамп.

Айта кетейік, Ашраф Гани Ауғанстан халқына видеоүндеу жасады. Саясаткер өзінің үндеуінде елден қантөгіс пен апаттың алдын алу үшін кеткенін айтқан. Гани өзінің Біріккен Араб Әмірлігінде екені туралы БАҚ беттерінде пайда болған ақпаратты растады.

Одан бөлек, Ауғанстанның Тәжікстандағы елшісі Мухаммад Зокир Агбар елдің экс-президенті Ашраф Гани елден қашу кезінде 169 млн доллар ұрлап кеткенін айтқан еді.

Елші экс-президенттің қашып кетуін "мемлекет пен ұлтқа жасалған сатқындық" деп атаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927899-donald-tramp-auganstannyn-eks-prezidentin-alayaq-dep-atady/

pixel