Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі: Біз "Талибанды" мойындаған жоқпыз

Опубликовано:

Ауғанстан
Көрнекі фото: HOSHANG HASHIMI/AFP via Getty Images

ОКҚ өткен онлайн-брифингте Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда билікке келген "Талибан" қозғалысына (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қатысты еліміздің ұстанымы қандай екенін айтты. Вице-министр Ақан Рахметуллиннің сөзінше, Қазақстан өзге елдер секілді әзірге Талибанды мойындамай, жағдайды бақылап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рахметуллин кеше Қазақстан Ауғанстандағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасағанын еске салды.

"Біз "Талибанды" мойындаған жоқпыз. Кеше Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасағаны өздеріңізге белгілі. Біз бұл елдегі жағдайды мұқият бақылауды жалғастырамыз.
Біз инклюзивті және өкілетті үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу және халықаралық құқықты сақтау керек екені туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесін қолдаймыз. Бұл ережелердің орындалуы Ауғанстанның жаңа үкіметімен диалогты бастаудың шарты болуы керек", - дейді СІМ вице-министрі Ақан Рахметуллин.

Оның сөзінше, Ауғанстан азаматтары мемлекеттік және қоғамдық құрылымның ең оңтайлы моделін анықтауы қажет.

"Қазір қандай да бір елдер "Талибанды" қолдап, олармен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты деп айтуға болмайды. Бәрі "Талибанның" іс-әрекеті өздерінің мәлімдемесіне қаншалықты сай келетінін және олардың қаншалықты келіссөз жүргізуге қабілетті екенін бақылап отыр", - деді Рахметуллин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928174-elimizdin-syrtqy-ister-ministrligi-biz-talibandy-moiyndagan-zoqpyz/

pixel