RU

БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы неліктен Алматыда орналасқан

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы неліктен Алматы қаласында орналасқанын түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, бұған бірнеше фактор себеп болған.

Алматы қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі аймақтық орталығы саналады, деді сыртқы істер министрінің орынбасары.

Инфрақұрылымы дамыған, әлемнің басқа елдерімен әуе қатынасы қолайлы.

Сонымен қатар ол Қазақстанның өңірлік және ғаламдық қауіпсіздік бойынша абыройы зор рөл атқарғанын сөз етті.

"Алматы қаласын көпжақты әріптестіктің аймақтық орталығы деп атауға болады", - деді Ақан Рахметуллин.

Естеріңізге сала кетейік, 18 тамыз күні кешкі сағат 22.30-да UNAMA және БҰҰ-ның басқада агенттіктерінің 135 қызметкер мінген ұшақ Алматы әуежайына қонды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928184-buu-nyn-auganstanga-komek-korsetu-missiyasy-nelikten-almaty-qalasynda-ornalasqan/