Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЮНЕСКО Ауғанстандағы журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды

Опубликовано:

Ауғанстан
Көрнекі фото: Paula Bronstein/Getty Images

Ауғанстан журналистерінің сөз бостандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Мұндай талапты ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле қойды деп хабарлайды РИА Новости.

"Ауғандықтар үшін еркін және тәуелсіз БАҚ көмегімен сенімді ақпаратқа қол жеткізу және ашық қоғамдық пікірталастар бейбіт болашаққа жету жолында шешуші маңызға ие", - деді Азуле.

Оның сөзінше, әйелдерді қоса алғанда, барлық журналистің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.

Айта кетсек, бұған дейін "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) әскерилері провинциялардың бірінде журналистерді ұрып-соққаны хабарланған еді.

Еске сала кетсек, Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда билікке келген "Талибан" қозғалысына (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қатысты еліміздің ұстанымы қандай екенін айтты.

Вице-министр Ақан Рахметуллиннің сөзінше, Қазақстан өзге елдер секілді әзірге Талибанды мойындамай, жағдайды бақылап отыр.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі тәліптер Қазақстанның Кабулдағы елшілігін күзетіп отырғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928193-yunesko-auganstandagy-zurnalisterdin-qauipsizdigin-qamtamasyz-etuge-saqyrdy/

pixel