Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин ЕАЭО елдерін вакцинация паспортын өзара мойындауға шақырды

Опубликовано:

Асқар Мамин
Фото: РИА Новости / Сергей Мамонтов

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин ЕАЭО аясында вакцина алған туристер сапарын жеңілдетуге қатысты пікір білдірді. Ол одақ елдерін вакцинация паспортын өзара мойындауға шақырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жұма күні Асқар Мамин Қырғызстанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты. Ол одаққа мүше елдер дағдарыстың ең қиын кезеңін еңсергенін айтты. Сондай-ақ COVID-19-дан аса зардап шеккен экономика салаларын, әсіресе, туризмді дамыту керектігін атап өтті.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл бағыттағы маңызды міндеттердің бірі - вакцинация паспортын өзара мойындау. Карантин режимі жеңілдетілген бірлескен туристік аймақтар қалыптастыру да өзекті. Мамин вакцина салдырған туристердің ЕАЭО аясында еш кедергісіз сапар жасауы үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту қажеттігін алға тартты.

"Туризмдегі белсенділікті қалпына келтіру шұғыл түрде қолға алынбаса, саланың ұзақмерзімді әлеуеті төмендейді. Инвестиция мен адами капитал жоғалуы мүмкін", - деді ол.

ЕАЭО Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысы бейсенбі, жұма күндері Қырғызстанның Чолпон-ата қаласында өтті. Шара қорытындысы бойынша көлік, тарифтік реттеу, сауда кедергілерін жою және цифрлық трансформация саласында бірқатар құжат қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928206-mamin-eaeo-elderin-vakcinaciya-pasportyn-ozara-moiyndauga-saqyrdy/

pixel