RU

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

"Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген құжат мәтінінде.

Айта кетсек, бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевт жұмыс сапарымен Оңтүстік Корея Республикасына және Мәскеуге барған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928389-qasym-zomart-toqaev-zana-zarlyqqa-qol-qoidy/