RU

АҚШ Кабулдан 17 мың адамды эвакуациялады

АҚШ
Көрнекі фото: Ашық дереккөз

АҚШ Кабул әуежайы арқылы осы уақытқа дейін 17 мыңнан аса адамды эвакуациялады. Олардың 2,5 мыңы америкалық деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы қорғаныс министрлігінің өкілі Джон Кирби мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір әуежай маңындағы ахуал өте күрделі. Осыған байланысты Кабулдағы АҚШ азаматтарына әуе айлағына уақытша келмеу ескертілген. Жалпы, Пентагон таратқан ақпаратқа сай, қазір ауған жерінде 15 мыңдай америкалық бар.

“Кабулда жағдай тұрақсыз. Әуежай маңындағы ахуал сағат сайын өзгереді. Оған өздеріңіз де куәсіздер. Әскерилер адамдардың қауіпсіздігі үшін барлық шараны қабылдауға күш салып жатыр. Қажеттілікке қарай қауіпсіздік мәселесіне өзгерістер енгізіліп тұратын болады“, - деді АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Джон Кирби.

Айта кетейік, өткен жексенбіде Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстаннан Қазақстанға өз қызметкерлері мен басқа да үкіметтік емес ұйым өкілдерін эвакуациялады. Қазақстанға жалпы 120 адам жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928465-aqs-kabuldan-17-myn-adamdy-evakuaciyalady/