Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талибан" Ауғанстанның бұрынғы президентін кешіргенін мәлімдеді

Опубликовано:

Ашраф Ғани
Ашраф Ғани. Фото: Dan Kitwood - WPA Pool/Getty Images

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Гани мен вице-президент Амрулла Салехке рақымшылық жасауды ұсынды деп хабарлайды Geo TV.

Тәліптердің көшбасшысы Халил ур-Рахман Хаккани "Талибан" мен Ашраф Гани, Амрулла Салех және бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Хамдулла Мохиб арасында "араздық жоқ" екенін мәлімдеді.

"Біз Ашраф Ганиді, Амрулла Салех пен Хамдулла Мохибті кешіреміз. Біз бізге қарсы соғысқан генералдан бастап қарапайым адамға дейін барлығын кешіреміз", – дейді Хаккани.

Ол "Талибан" мен аталған үш тұлғаның арасындағы араздық тек дінге байланысты туындағанын атап өтті.

Сонымен қатар, Хаккани барлық ауғандықтар елге орала алатынын айтты.

Сондай-ақ, Хаккани тәліптердің АҚШ қа соғыс ашқандар қатарынан емес екенін, алайда Отанына басып кіріп, мәдениетіне, дініне және еліне қарсы соғысқаннан кейін ғана қолына қару алғанын жеткізді.

Еске сала кетсек, 15 тамызда тәліптер Ауғанстан астанасы - Кабулды шабуыл жасамай-ақ бағындырған еді. Билікті бейбіт жолмен беру туралы келіссөздер басталды. Ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, мемлекеттен кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал Амрулла Салех елде қалатынын және ешқашан "Талибан" содырларының алдында бас имейтінін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928490-taliban-auganstannyn-buryngy-prezidenti-men-orynbasaryna-kesirgenin-malimdedi/

pixel