Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында қала мәртебесін алған Қосшының әкімі тағайындалды

Опубликовано:

Әкім
Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қосшы қаласының әкімі тағайындалды. Бұл қызметке Ғайдар Қасенов келді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ғайдар Қасенов Атбасар ауданының тумасы.

Ол Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университетті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмәмдаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Ғайдар Қасенов еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

2001 жылдан 2006 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметтерін атқарған.

2008-2015 жылдары "Қазтеміртранс" АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

Ол Қосшы әкімі болып тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып еңбек етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928537-zaqynda-qala-martebesin-algan-qossynyn-akimi-tagaiyndaldy/

pixel