Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы вице-министр кінәлі деп танылды: Ақтоты Райымқұлова отставкаға кете ме

Жарияланған күні:

Ақтоты Райымқұлова
Фото: egemen.kz

Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековке жуырда ғана сот үкімі оқылды. Оған сәйкес, экс-шенеунік аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұған дейін министр Ақтоты Райымқұлова орынбасарының айыбы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтқан еді. Ал 30 шілдеде Мұсайбековке шығарылған үкім заңды күшіне енеді. Осыған байланысты KAZ.NUR.KZ тілшісі Мәдениет және спорт министрлігіне ведомство басшысы оставкаға кете ме деген сауал қойды.

"Мұсайбеков пен Алматы прокуроры орынбасарының арасында жасалған кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімге сәйкес, прокурор соттан Мұсайбековке алынған пара сомасынан он еселенген мөлшерде - 62 394 00 теңге айыппұл салу жазасын тағайындауды сұрады", - дейді соттан.

Сот шенеунікті кінәлі деп танып, оған 62 394 000 теңге айыппұл салды.

Осы ретте KAZ.NUR.KZ сауалына жауап берген Мәдениет және спорт мнистрлігі Ақтоты Райымқұлова "ҚР мемлекеттік қызмет туралы" заңының 60-бабында көрсетілген талапты сақтайтынын хабарлады.

"ҚР мемлекеттік қызмет туралы" заңының 60-бабы - "Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға шығуы және қызметтен шығарылуы" бабында егер мемлекеттік саяси қызмметші тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса:

өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынышты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде орталық мемлекеттік органның басшысы оставкаға өтініш беретіні көрсетілген.

Айта кетсек, Сәкен Мұсайбеков аталған қызметке 2020 жылдың 6 мамырында тағайындалып, 2021 жылдың қаңтарында қызметінен кетті. Ал 22 ақпанда Мұсайбековтың ұсталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928635-buryngy-vice-ministr-kinali-dep-tanyldy-aqtoty-raiymqulova-otstavkaga-kete-me/