Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин: Ресей Ауғанстандағы қарулы қақтығысқа араласпайды

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: РИА Новости / Михаил Климентьев

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресей Ауғанстандағы қарулы қақтығысқа кіріспейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы Путин "Единая Россия" съезінде айтты деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгінде Ауғанстандағы ахуалдың күрделі екенін білесіздер. Біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымындағы одақтастарымызбен белсенді түрде байланыстамыз. Әлбетте, біз Ауғанстанның ішкі істеріне араласпаймыз. "Бәріне қарсы" қақтығысқа қарулы күштерімізді араластырмаймыз", - деді Путин.

Еске сала кетсек, Түркия Ауғанстаннан келген бірде-бір босқынды қабылдай алмайды. Бұл туралы елдегі билеуші Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челик мәлімдеді.

"Түркия – босқындар лагері емес. Бірде-бір босқынды (Ауғанстаннан келетін -ред.) қабылдауға мүмкіндігіміз жоқ. Біз өзіміз шешім қабылдаймыз. Шекарамызды мұқият күзетудеміз", – дейді Челик журналистерге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928737-putin-resei-auganstandagy-qaruly-qaqtygysqa-aralaspaidy/

pixel