Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

G7 мүшелері Талибанға шарт қойды

Опубликовано:

Үлкен жетілік
Фото: gettyimages.com

G7 мүшелері Талибанмен (Қазақстанды тыйым салынған ұйым) одан әрі қарым-қатынас жасау үшін өз шарттарын қойды деп хабарлайды DW.

Егер қозғалыс 31 тамызға дейін Ауғанстаннан кеткісі келетіндердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етсе ғана G7 мен Талибанның (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) бірлесіп жұмыс істеуі мүмкін болады.

G7 көшбасшылары мұндай шешімге 24 тамызда өткен онлайн-саммит кезінде келген. Германия канцлері Ангела Меркельдің мәлімдеуінше, виртуалды кездесуде эвакуация мерзімін ұзарту туралы келісімге келмегенін айтты.

Саммитте "Үлкен жетілік" тобының Ауғанстанға қатысты саясатын басқа елдермен үйлестіру туралы шешім қабылданды. Бұл Ресей мен Қытай да кіретін "жиырмалық" тобында ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

Еске сала кетсек, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресей Ауғанстандағы қарулы қақтығысқа кіріспейтінін мәлімдеді.

"Бүгінде Ауғанстандағы ахуалдың күрделі екенін білесіздер. Біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымындағы одақтастарымызбен белсенді түрде байланыстамыз. Әлбетте, біз Ауғанстанның ішкі істеріне араласпаймыз. "Бәріне қарсы" қақтығысқа қарулы күштерімізді араластырмаймыз", - деді Путин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928758-g7-museleri-talibanga-sart-qoidy/

pixel