Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа басшысы мен орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Ермек Сағымбаев
Ермек Сағымбаев. Фото: facebook.com/Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа басшысы мен орынбасары тағайындалды хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалсын", – делінген президент жарлығында.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының жарлығымен Байбосынов Батырбек Бердібайұлы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Айта кетейік, бұл қызметті бұған дейін Ермек Сағымбаев атқарған еді.

Ермек Сағымбаев 1967 жылы 11 қазанда Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ политехникалық институтын "инженер-электромеханик" мамандығы бойынша, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "заңтану" мамандығы бойынша бітірген.

1994 жылдан 2006 жылға дейін ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік қызметтерде болған.

2006 жылы мамырда президенттің қауіпсіздік қызметінің жеке құрамына алынған.

2006 жылдан 2019 жылға дейін қызметтік аппараттың офицерлік және басқарушылық қызметтерінде, сонымен қатар, жедел қолдау бөлімшелерінде қызмет атқарған.

2019 жылдан мамырынан 2021 жылдың шілдесіне дейін президент күзет қызметінің бастығы болды.

Ал 2021 жылы 27 шілдесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928841-memlekettik-kuzet-qyzmetinin-zana-bassysy-tagaiyndaldy/

pixel