Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа басшысын таныстырды

Опубликовано:

1
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің басшылық құрамына жиналыс өткізіп, мекеменің жаңадан тағайындалған бастығы Ермек Сағымбаевты таныстырды деп хабарлайды Ақорда.

Жиын барысында президент Мемлекеттік күзет қызметінің үлкен жауапкершілігі мен маңыздылығына тоқталып, барлық қызметкерлерден, әсіресе басшылықтан ерекше білім мен біліктілік талап етілетінін айтты.

"Мемлекеттік күзет қызметінің мамандарынан кәсібилік талап етіледі. Біріншіден, жауынгерлік және физикалық дайындық. Бұл ретте Мемлекеттік күзет қызметінің, тиісті бөлімшелердің басшылары жан-жақты білімді, дүниетанымы кең, елдің ішкі саяси жағдайын да, халықаралық ахуалды да жақсы меңгерген болуы керек.

Олардың халықаралық талаптардың қыр-сырын жетік білетін зерек, талдау жұмыстарына қабілетті болғаны жөн. Біз тек осындай жағдайда ғана жұмыстан тиімді нәтиже күтеміз", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кадрлық әлеуетті арттыру туралы айта келіп, МКҚ офицерлері мемлекетке, өздеріне жүктелген қызметке адал және нағыз патриоттар болуы керек екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы кадрларды іріктеуде дәл осы ұстанымдарды басшылыққа алуды баса айтты.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жаңа орынбасары Батырбек Байбосыновты да таныстырды.

Мемлекет басшысы жиын соңында жаңа бастық пен барлық офицерлерге қызметте табыс тіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа басшысы мен орынбасары тағайындалғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928876-toqaev-memlekettik-kuzet-qyzmetinin-zana-bassysyn-tanystyrdy/

pixel