Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев "Самұрық-Қазынаның" басшысы Алмасадам Сатқалиевты қабылдады

Опубликовано:

Назарбаев
Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады деп хабарлайды Elbasy.kz.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне "Самұрық-Қазына" қорының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы баяндалды.

А.Сәтқалиевтің мәліметі бойынша биылғы 7 айда уран саудасында, электр энергиясын өндіруде, сондай-ақ контейнерлік тасымалдауда көрсеткіштердің оң қарқыны байқалуда.

Елбасыға Қор тобындағы кәсіпорындардағы вакцинациялау процесі мен санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929075-nazarbaev-samuryq-qazynanyn-bassysy-almasadam-satqalievty-qabyldady/

pixel