Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орны толмас қайғыға ортақпыз": Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: Abylai Saralayev / TASS via Getty Images

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан қайтыс болғандарға байланысты Қырғызстан халқының атынан және жеке өз атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Қырғызстан президентінің ресми сайтында хабарланды.

"Мен адам өліміне әкелген жарылыс туралы хабарды қатты қайғырып қабылдадым. Қырғыз Республикасы халқының және жеке өзімнің атымнан марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Қайғылы жағдайдан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Біз орны толмас қайғыға ортақпыз", - делінген Садыр Жапаровтың телеграмында.

Еске сала кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды. Салдыран 5 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам із-түзсіз кеткендер қатарында. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 90 адам зардап шеккен.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Сондай-ақ, еліміздің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929230-orny-tolmas-qaigyga-ortaqpyz-sadyr-zaparov-qasym-zomart-toqaevqa-konil-aitty/

pixel