Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Байденге көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық әріптесі Джо Байденге Кабул халықаралық әуежайында болған теракт құрбандарына байланысты көңіл айтты. Жазба мемлекет басшысының Twitter-дегі ресми парақшасында пайда болды.

"Қазақстан халқының атынан президент Байденге және бүкіл Америка халқына Кабул халықаралық әуежайындағы лаңкестік әрекеттің салдарынан АҚШ әскері арасында көптеген құрбандар мен жараланғандарға байланысты шынайы көңіл айтамын", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттары әуедегі эвакуация тарихындағы ең күрделі операциялардың бірін лайықты түрде аяқтайды деп ойлайтынын қосты.

"Қазақстан терроризммен күресуде барлық ірі халықаралық серіктестермен күш біріктіруде жақтас болып қала береді", – деп жазды президент.

Естеріңізге сала кетейік, өткен бейсенбіде Кабулда бірнеше жарылыс болды.

Шабуылдарды "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда және бірқатар елдерде тыйым салынған ұйым) өкілдері жасады деп айыпталуда. Мыңнан астам адам жарақат алды.

Кабулдағы жарылыстан қаза тапқандар саны 110 адамға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929295-qasym-zomart-toqaev-baidenge-konil-aitty/

pixel