Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мирзиёев Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, қазақ халқына көңіл айтты

Опубликовано:

Тоқаев Мирзиеев
Фото: Ақорда

Өзбек тарапының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан басшысы Жамбыл облысында болған қайғылы да төтенше оқиғаға байланысты Қазақстан президенті мен халқына көңіл айтты.

Шавкат Мирзиёев қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қолдауы мен жұбату сөздерін жеткізуді сұрап, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Әңгімелесу барысында тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайға қатысты пікір алмасты.

Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты деңгейде тығыз байланыстарды нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беруге мүдделі екендерін нақтылады. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізген болатын.

Жиынға премьер-министр, құқық қорғау, қорғаныс, қауіпсіздік және басқа да күштік құрылымдардың басшылары қатысты.

Тоқаев Жамбыл облысында болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар, президент қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көмек көрсету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929326-toqaev-ozbekstan-prezidenti-savkat-mirziyoevpen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel