Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады.

Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы "Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері".

Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланбақ", - деді Берік Уәли.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеу қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929609-qasym-zomart-toqaev-sygys-ekonomikalyq-forumyna-qatysady/

pixel