Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп келеді": Тоқаев Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент жеделхатта қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Қырғызстан басшысын сондай-ақ, қырғыз халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаған.

"Бұл – егемен Қырғызстан тарихындағы ұлттың бірлігін, тұрақтылығын, жасампаздық рухын бейнелейтін, мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қырғыз елінің ұзақ мерзімді және тұрақты дамуы үшін мәңгілік маңызды күн", – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы қазақ-қырғыз қатынастарының дамуын жоғары бағалаған.

"Тарихы терең бауырлас халықтардың ортақ мүдделері мен ғасырлар бойғы достығы және татукөршілік дәстүрін сақтай отырып, Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ қазақ пен қырғыз иық тіресіп, өзара жетістіктерге шынайы қуанып, бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп келеді. Күш-жігерімізді жұмылдырып, көп қырлы ынтымақтастығымыздың тұрақты дамуына тың серпін бере алатынымызға сенімдімін. Бұл қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы үшін жаңа көкжиектерге жол ашады", – дейді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас қырғыз халқына өркендеу мен өрлеу тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929661-bir-birine-unemi-qoldau-korsetip-keledi-toqaev-qyrgyzstan-prezidentin-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel