Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Мұрат Бектанов
Фото: mod.gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Сонымен қатар, Мұрат Бектанов мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, президент жарлығымен Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі өтінішін қабылдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929669-murat-bektanov-qorganys-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel