Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Лукашенконы туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Беларусь қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылаған.

Президенттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық дамудың оң динамикасын атап өтті.

Екі ел басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты.

Қазақстан мен Беларусь Республикасының Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық құрылымдар аясында өзара ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдаған еді.

Президент жеделхатта қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Қырғызстан басшысын сондай-ақ, қырғыз халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929680-toqaev-lukasenkony-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel