RU

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президенттің жолдауы мемлекеттік телеарналардан көрсетілді.

Зейнетақы жинағы

Президент зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қолдану бастамасының әсері қазірдің өзінде байқалып жатқанын алға тартты.

"Азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін "Отбасы банкіне" аударуға рұқсат беру қажет. Бұл ақшаны жинау мен тиімді жұмсауға ынталандырады", - деді Қазақстан президенті.

Жолдауын аяқтаған президент сөз соңында мемлекеттік аппарат жұмысына тоқталып, өз міндетін атқаруды қаламайтын шенеуніктерге қызметін босатуға кеңес берді.

Бюджет саласындағы қызметкерлер жалақысы

"2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ, бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары бұдан тыс қалды. Олар - музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалары.

2022 жылдан 2025 жылға дейін осы санаттағы қызметкерлердің жалақысы жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсетін болады. Тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді", - деді президент.

Ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру

"Қазақстанның басты байлығы - еліміздің амандығы" деген президент ең төменгі жалақы мөлшерін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырды.

"Ең төменгі жалақы мөлшерін қарастыратын уақыт келді. Ол 2018 жылдан бастап өспеді. Коронадағдарыс халықтың табысына салмақ түсіруде. Біз ең төменгі жалақы мөлшері бойынша бірқатар ТМД елдерінен артта қалдық. 2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырамын", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлт пен бірлік мәселесі

"Бірлігіміз - әралуындықта. Біздің азаматтар үшін толеранттық өмірлік маңызға ие. Біз радикализмнің кез келген формасын болдырмаймыз. Бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Адамды тіліне, дініне, нәсіліне қарай кемсітуге болмайды", - дейді Тоқаев.

Президент қазақ тілінің маңыздылығын да сөз етті.

"Қазақ тілі - мемлекет саясатын дамытудың басым бағыттарының бірі. Қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар - бұл қазақ тілі. Болашағымызды дамытатын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы қажет", - дейді мемлекет басшысы.

Қазақстан - әлеуметтік мемлекет

"Қиын жағдайда қалып қойған азаматтарға көмектесу - басты міндеттердің бірі" деген президент бізге түбегейлі өзгеріс керектігін алға тартты. Мемлекет басшысы әлеуметтік көмек нағыз мұқтаж жандарға берілуі керектігін баса айтты.

Су тапшылығы

Су тапшылығын сөз еткен президент суды үнемдеудің маңыздылығына тоқталып, 120 каналды жандандыру жұмыстары қолға алынғанын сөз етті.

"5 жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза сумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл үкіметтің алдында тұрған басты міндет", - дейді мемлекет басшысы.

Білім беру саласы

Президент білім беру саласына коронавирус пандемиясы мен қашықтан оқыту кері әсер еткенін сөз етіп, елімізде мектептер саны 2025 жылға дейін кемінде 1000-ға жетуі керектігіне баса назар аударды.

Одан бөлек, мемлекет басшысы ғылым саласында грантты қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту керектігін айтуда.

Денсаулық сақтау саласы

"Екпе алуға қарсы үгіттеу жүргізгендердің жетегінде кетпеген жөн... Алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа штамдары шығуы мүмкін... ДДСҰ-да тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет. Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылуы тиіс", - дейді Тоқаев.

Қазақстан үшін пандемияның салдары

"Мемлекеттік қарыздың аздығының арқасында Қазақстан пандемия салдарын сәтті еңсеруде. Қаржылық тұрақтылықтың қоры шектелмеген. Бюджеттік бақылауды күшейту үшін шаралар қолдану қажет. Елге мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік қарыздарды және Ұлттық қорды басқарудың бірқатар ережесі қажет. Үкімет пен Ұлттық банктен жыл аяғына дейін мемлекеттік қаражатты басқару тұжырымдасамын әзірлеуді сұраймын", - деді президент.

Экономиканы әртараптандыру бойынша жұмыс

"Индустрияландырудың 10 жылында алғаш рет өңдеу өнеркәсібінің үлесі тау-кен өнеркәсібінің үлесінен асып түсті. 2025 жылға дейінгі орта мерзімді мақсат - өңдеу өнеркәсібі экспортын 1,5 есе, 24 млрд долларға дейін, ал еңбек өнімділігін 30%-ға дейін ұлғайту", - деді Тоқаев.

Үшінші жолдау

Айта кетейік, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретінде халыққа жолдаған үшінші жолдауы. Екінші жолдауымен ол ел алдына 2020 жылдың 1 қыркүйегінде шыққан еді. Алғашқысы 2019 жылдың 2 қыркүйегінде жолданған.