Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл шаруашылығы министрі болып Ербол Қарашөкеев тағайындалды

Опубликовано:

Ербол Қарашөкеев
Фото: government.kz

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды. Бұл қызметке Ербол Қарашөкеев келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды" делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты сынға алып, оның бұл ведомствоны басқара алмағанын жеткізген еді.

Осылайша, Сапархан Омаров отставкаға кетіп, Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқару Ербол Қарашөкеевке тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929915-auyl-saruasylygy-ministri-tagaiyndaldy/

pixel