Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрам Утешов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Мейрам Утешов
Мейрам Утешов. Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Мейрам Утешов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасы.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өзінің жаңа орынбасарын әкімдікте өткен жиналыста таныстырды.

Аймақ басшысының жаңа орынбасары жергілікті шаруалардың бейіндік қаржы институттарымен және орталық мемлекеттік органдармен байланысын қамтамасыз етуі керек.

Мейрам Утешовтың экономика және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау саласындағы тиісті тәжірибесін атап өткен облыс әкімі осы және басқа да бағыттардағы нақты міндеттер қатарын белгілеп берді. Нақты айтқанда, Әбілқайыр Сқақов аграрийлердің субсидиялар алу механизмін жетілдіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үшін жағдай жасау қажеттілігін атап өтті.

Жиналыс барысында басқа да мәселелер талқыланды. Жаңа оқу жылының басталуын ескерген Әбілқайыр Сқақов білім мекемелерінде эпидемиологиялық режимнің сақталуын бақылайтын мониторинг топтар құруды тапсырды.

Жиналыс
Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Мейрам Утешов 1978 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 1999 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "экономика және менеджмент", ал, 2005 жылы "Заңгер" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қостанай облысының экономика және сауда департаментінде жетекші маман ретінде бастады. Осы өңірде экономика және сауда департаментінде, шағын бизнесті қолдау басқармасында, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде басшылық лауазымдарды атқарды. Төрт жылдан астам уақыт облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына басшылық етіп, екі жылдан астам мерзім Жітіқара ауданының әкімі болды.

2016-2020 жылдар аралығында елордада, оның ішінде "Аграрлық-кредиттік корпорация" АҚ-да жұмыс істеді. "Павлодар" ӘКК-ің басшысы болып тағайындалғанға дейін несиелік серіктестіктерді дамыту департаментінің директоры болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930000-meiram-utesov-pavlodar-oblysy-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel