Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттік кадр резерві: Құжат қабылдау басталды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы 50 резервші іріктелетін болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау 1 қыркүйек күні pkrezerv.gov.kz цифрлық платформасында онлайн режимде басталған болатын.

"Екі күні ішінде іріктеуге қатысуға 1251 өтінім келіп түсті. Құжаттарды қабылдау 30 қыкүйекке дейін жалғасады.

Президенттің 2021 жылғы 29 тамыздағы № 141 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді ортадан төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жыл", - делінген ресми хабарламада.

Бос мемлекеттік лауазымға резервтегі жастарды тағайындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

"Біздің елімізді одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға дайын және қабілетті барлық азаматтарды Президенттік Жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеуге қатысуға шақырамыз", - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930270-prezidenttik-kadr-rezervi-quzat-qabyldau-bastaldy/

pixel