Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Ауғанстандағы жағдайдың дамуын мұқият бақылап отырмыз

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресейде өтіп жатқан Шығыс экономикалық форумда Ауғанстаннан қандай қауіп-қатер төнетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Америкалықтар кеткеннен кейін онда үлкен көлемдегі қару-жарақ қалды. Жай қару емес, құны 85 млрд долларға бағаланған заманауи қарулар. Босқындардың ағылу қаупі де сейілген жоқ.

Бұл "нәзік" мәселеде Ресей Федерациясы және ҰҚШҰ қатысушы елдерімен бір пікірді ұстанатынымыз қуантады. Ресей президентінің бастамасымен ҰҚШҰ саммитін және жиналысын өткіздік. Біз Ауғанстанға қатысты мәселелерді жан-жақты талқыладық. Бұл елден төнетін қауіп-қатерге қатысты бірыңғай позиция ұстану туралы шешім қабылдадық.

Әлбетте, біз сөзбен емес, іспен бағалау керек деген тұжырымға сүйенеміз. Сол себепті Ауғанстандағы жағдайдың дамуын, билікке келген тәліптердің саясатын мұқият бақылаймыз. Сондай-ақ біз көптеген қиындық көрген елде бейбітшілік орнаса деген тілектеміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулды ұрыссыз бағындырды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930292-prezident-auganstandagy-zagdaidyn-damuyn-muqiyat-baqylap-otyrmyz/

pixel