Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахтинск әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат жоққа шығарылды

Опубликовано:

Әскербек Халтанов
Әскербек Халтанов. Фото: gov.kz

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі Шахтинск қаласының әкімі Аскербек Халтоновқа қатысты қылмыстық іс тіркелгені туралы ақпаратты теріске шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Шахтинск қаласының әкімі Аскербек Халтоновқа қатысты 52 млн теңге жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат таратылуда. Мәліметтерде ақшаның облыстық маңызы бар жолды жөндеуге арналғаны айтылған.

Осыған байланысты Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі пікір біллдіріп, ақпаратты жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желілердегі дереккөздерде Аскербек Халтановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу тіркелгені туралы ақпарат тарауда. Қазіргі уақытта аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ 2018 жылы тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде қандай да бір қаржылық заңбұзушылықтар анықталмағанын хабарлаймыз", - деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930301-saxtinsk-akiminin-ustinen-qylmystyq-is-qozgalgany-zaily-aqparat-zoqqa-sygaryldy/

pixel