Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Спутник V" вакцинасының әлі күнге дейін халықаралық сертификат алмағанына таңғалды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында ресейлік "Спутник V" вакцинасының әлі күнге дейін халықаралық сертификат алмағанына қатысты ойын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президент "Спутник V" вакцинасын салдырғанын және оны тиімді деп ойлайтынын жеткізді.

"Вакцинаның халықаралық сертификат алмағанына таңғалдым", - деді ол.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев "Спутник V" вакцинасының барлық әлемде мойындалғанын атап өтті. Әлемдегі 60-тан астам мемлекет осы вакцинаны қолдануда, деді президент.

Модератордың сөзіне жауап берген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға вакцина жеткізу бойынша келіссөз барысында Ресей ешқандай алдын ала талап қоймағанын айтты.

Айта кетейік, елімізде биыл ақпан айында екі компонентті "Спутник V" вакцинасы тіркелді. Ол Ресейдің Н.Ф. Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының қолдауымен "Қарағанды фармацевтикалық кешенінде" шығарыла бастады.

"Спутник V" вакцинасы жалпы тұрғындар саны 3,5 миллиард адам болатын 67 елде қолданылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930337-toqaev-sputnik-v-vakcinasynyn-ali-kunge-deiin-xalyqaralyq-sertifikat-almaganyna-tangaldy/