RU

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды (фото)

Әкім орынбасары
Даниал Ахметов пен Нұржан Жұмаділов. Фото: ШҚО әкімдігінің ресми сайты

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша және облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Нұржан Жұмаділов тағайындалды. Бұған дейін ол облыстың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды" делінген хабарламада.

Нұржан Сайлаубекұлы Жұмаділов 1969 жылы Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында дүниеге келген.

Ол Өскемен құрылыс-жол институты мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "инженер-құрылысшы", "экономика және бизнес бакалавры" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Аягөз ауданындағы ДЭУ-25-те жол шебері болып бастаған. Біраз уақыттан кейін прораб, одан соң осы ұйымның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы болды.

2001 жылы "Қазақавтожол" РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының 71-жол пайдалану учаскесін басқарды.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің Сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімдерін басқарды.

2009 жылдан осы күнге дейін ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930365-sygys-qazaqstan-oblysy-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy-foto/