Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады

Опубликовано:

S&P
Фото: James Leynse/Corbis via Getty Images

Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты". Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтында хабарланды.

Агенттік сарапшыларының бағалауы бойынша кредиттік рейтинг тұрақтылығының негізгі факторлары ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары, сондай-ақ биыл экономиканың қалпына келуіне қатысты болжау болды.

S&P 2020 жылы Үкімет тарапынан көрсетілген фискалдық қолдау шаралары экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудің және халықтың әл-ауқаты деңгейінде айқын ауытқуларға жол бермеудің негізгі факторларының біріне айналғанын атап өтті. 

Агенттіктің бағалауы бойынша, Қазақстан экономикасы 2020 жылғы қысқарудан осы жылдың соңына дейін толық қалпына келеді.

S&P бағалауы бойынша, биыл экономиканы әртараптандыру және жеке сектордың үлесін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар аясында ЖІӨ өсу қарқыны 3,5%-ды құрайды.

Өсім құрылымында негізгі драйверлер өңдеуші сектордағы тұрақты оң динамика, инвестициялық белсенділіктің күшеюі, пандемияға байланысты енгізілген шектеулердің жеңілдеуі, сондай-ақ сыртқы сауда қызметінің қалпына келуі болады.

OPEC+ тарапынан өндіруге шектеулердің жеңілдеуі және Теңіз кен орнында өндірісті кеңейту аясында мұнай өндіру секторының қалпына келуі 2022 жылы экономика өсімінің қосымша факторы болады. 

Агенттіктің бағалауы бойынша 2021-2024 жылдары ұлттық экономиканың өсу қарқыны орта есеппен 3,6%-ды құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930427-sp-xalyqaralyq-reiting-agenttigi-qazaqstannyn-tauelsiz-reitingin-rastady/

pixel