Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәліптер Панджшер провинциясын жаулап алғаны туралы мәлімдеді

Опубликовано:

Ауғанстан
Фото: Patrick ROBERT/Sygma via Getty Images

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Панджшер провинциясын толықтай басып алғанын мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

"Талибан" өкілі Забихулла Муджахид Панджшер провинциясы толығымен басып алынғанын және тәліптердің бақылауына өткенін айтты.

Панджшер – осы уақытқа дейін Талибан билігінде болмаған жалғыз Ауғанстан аумағы.

Ұлттық қарсыласу күшін Ахмад Масуд басқарды.

Тәлібтер қарсылық қозғалысының жетекшісі Ахмад Масудты қан төгіссіз берілуге ​​көндіруге тырысты. Өткен аптада провинцияда қақтығыс орын алды.

Кейінірек белгілі болғандай, тәліптер Панджшердегі қарсылық жетекшісімен келісім жасаудан бас тартқан.

Еске сала кетейік, "Талибан" радикалды қозғалысы жергілікті әкімшіліктер мен әскери қызметкерлерге бүкіл Ауғанстан аумағында әуеге оқ атуға тыйым салуға нұсқау берді. Жексенбіде тиісті өкімнің мәтінін қозғалыс өкілі Забихулла Муджахид Twitter-де жариялады.

"Ауғанстан Ислам әмірлігінің (тәлібтердің өзін-өзі атауы) әскери істер жөніндегі комиссиясы қол қойған нұсқаулықта Кабулда және елдің басқа да қалаларында әуеге оқ жаудыру адамдардың өліміне және жарақаттануына, сондай-ақ бейбіт тұрғындар арасында үрей тудыратыны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930569-talibter-pandzser-provinciyasyn-zaulap-algany-turaly-malimdedi/

pixel