Президент Құсайыновты Қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындады
Опубликовано:

Марат Құсайынов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалды" делінген құжат мәтінінде.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі өтінішін қабылдаған еді.
Кейінірек Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметіне Мұрат Бектанов келді. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930605-prezident-murat-qusaiynovty-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndady/