RU

Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды

министр
Фото: Экология министрлігі

Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

"Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылсын", - делінген құжатта.

Еске сала кетсек, бұған дейін Энергетика министрі болған Нұрлан Ноғаев министр қызметінен босатылып, Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931304-magzum-myrzagaliev-energetika-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/