Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәжірибесі мен білімі мол": Мамин энергетика министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Опубликовано:

Мырзағалиевті таныстырды1
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин энергетика министрлігінің ұжымына жаңа басшы Мағзұм Мырзағалиевті таныстырды деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің энергетика саласындағы басшылық қызметтерде атқарған үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті.

"Оның тәжірибесі мен білімі мол. Мемлекет басшысы министрліктің алдына саланы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету бойынша үлкен міндеттер қойды. Өңірлерді газбен қамтамасыз ету, мұнай химиясы және мұнай өңдеу саласындағы ірі жобаларды іске асыру, цифрлық технологияларды енгізу, жаңартылатын энергетика мен мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет", - дейді Асқар Мамин.

Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев бұрғылау инженерінен бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, энергетика вице-министрі лауазымына дейін еңбек жолынан өткен.

2019 жылғы маусымнан бастап экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.

Ал бүгін, 9 қыркүйекте энергетика министрі болып тағайындалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931329-taziribesi-men-bilimi-mol-mamin-energetika-ministrliginin-uzymyna-zana-bassyny-tanystyrdy/

pixel