RU

Байден мемлекеттік қызметкерлер мен белгілі бір жұмысшылар тобын вакцина салуға міндеттеді

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Darrian Traynor/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден бейсенбіде федералды жұмысшылар, ірі жұмыс берушілер мен денсаулық сақтау саласының мамандары үшін вакцинацияның жаңа қатаң ережесін енгізді деп хабарлайды CNN.

Жаңа талаптар 100 млн америкалыққа қойылуы мүмкін. Бұл АҚШ-тағы жұмыс күшінің шамамен үштен екі бөлігі.

"Біз сабыр сақтадық, бірақ біздің төзіміміз таусылып жатыр. Және сіздердің бас тартуларыңыз бәрімізге әсер етуде", - дейді Байден вакцина салдырудан бас тартқан америкалықтарға.

Оның сөзінше, коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған 80 млн адам вирустың таралуына жол беріп отыр.

"Америка жеті ай бұрын, мен қызметке кіріскен сәттен әлдеқайда жақсы формада болса да, мен екінші фактіні айтуым керек. Біз қазір қиын жағдайдамыз және бұл бірнеше уақытқа созылуы мүмкін", - деді Байден.

Жаңа жарлыққа сәйкес, 100 не одан да көп жұмысшысы бар кәсіпорындар вакцинациямен қамтамасыз етілуі тиіс. Олардың қызметкерлері вакцина салдыруы керек немесе апта сайын COVID-19 бар-жоғын анықтайтын тест тапсыруы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931440-baiden-memlekettik-qyzmetkerler-men-belgili-bir-zumyssylar-tobyn-vakcina-saluga-mindettedi/