Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қожағапанов Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылып, Маминнің кеңесшісі болды

Опубликовано:

Ерлан Қожағапанов
Фото: kazfootball.kz

Ерлан Қожағапанов Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылып, премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, қаржыгер, кеден ісінің маманы. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған.

1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.

2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.

2013-2016 жылдары Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Футбол федерациясының президенті қызметтерін атқарған.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында премьер-министрдің кеңесшісінің міндетін атқарушы, кеңесшісі болған.

2017-2020 жылдары — Мәдениет және спорт вице-министрі.

2020-2021 жылдары — Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және спорт вице-министрі қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931714-erlan-qozagapanov-madeniet-zane-sport-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel