Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа министр Брекешов ант қабылдады

Опубликовано:

Ант қабылдау
Кадр: youtube/ c/pmkz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев үкімет отырысында ант қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Үкімет отырысы барысында Асқар Мамин өткен аптада кадрлық ауыс-түйіс болғанын еске салды.

"Мемлекет басшысының жарлықтарымен Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі және Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды", - деді ол.

Осы орайда министрлер кабинеті құрамына жаңадан қосылған Серікқали Аманғалиұлы ант қабылдады.

"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайтуға ант беремін", - деді Серікқали Аманғалиұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931904-elimizdin-zana-ministri-ant-qabyldady/

pixel