Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай облыс әкімдіктері бюджет қаражатын дұрыс игермеді

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында қай облыс әкімдіктері бюджет қаражатын дұрыс игермегенін сөз етті деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзінше, республикалық бюджет бойынша 9,9 трлн теңгеге шығыстар жүргізілген.

Атқарылмау 31 млрд теңге болса, оның ішінде 7 млрд теңге үнемделді. Яғни, 24 млрд теңге игерілмеген.

Ерұлан Жамаубаев игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары денсаулық сақтау, ішкі істер, мәдениет және спорт, әділет, төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасқанын жеткізді.

Ведомство басшысының айтуынша, аталған органдардың өздері сұратқан қаражатты толық игермеуіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбау, орындалған жұмыстардың актілерін, шот- фактураларды уақтылы ұсынбау сияқты жайттар себеп болған.

"Жергілікті бюджет шығыстары 5,2 трлн теңгені құрады. Мұнда 64 млрд теңге игерілмеген. Биыл жалпы өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферт көзделген. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, оларға 1 трлн 358 млрд теңге бөлінген. Оның 98% игерілді. Игерілмеген 26,5 млрд теңгенің 3 млрд теңгесі үнемделді. Ең көп игерілмеген сома Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында қалыптасты», - деді қаржы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931944-qai-oblys-akimdikteri-byudzet-qarazatyn-durys-igermedi/

pixel