RU

Путин коронавирусқа байланысты өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин жан-жағындағы адамдардан коронавирус анықталған соң өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей басшысы бұл туралы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефонмен сөйлесу барысында мәлімдеген.

Путиннің нақты қанша уақыт карантинде болатыны белгісіз.

"Осыны ескере отырып, Ресей президенті осы аптада Душанбедегі ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің жоспарланған сессиясына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және ҰҚШҰ мен ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына бейнеконференция арқылы қатысады", - делінген Кремльдің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Владимир Путин паралимпиадашылармен кездесу барысында өз ортасында көптеген адам коронавирус жұқтырғанын айтқан еді. Ол жақын арада өзі де өзін-өзі оқшаулау режиміне көшуі мүмкін екенін еске салған болатын.

Ресей президенті көктемде коронавирусқа қарсы"Спутник V" вакцинасын салдырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931997-putin-koronavirusqa-bailanysty-oz-ozin-oqsaulau-rezimine-kosti/