Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ: Ауғанстанға көмекке миллард доллардан астам қаражат жиналды

Опубликовано:

Ауған босқындары
Көрнекі фото: STR/NurPhoto via Getty Images

БҰҰ Бас хатшысы Ауғансатнға қажетті қаржылық көмекті жоғары бағалады. Женевада өткен конференция қорытындысы бойынша донорлар ауғандықтардың қажеттілігі үшін миллиард доллардан астам қаражат бөлуге уәде берді, бұл БҰҰ сұрағаннан екі есе дерлік көп деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференция қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген БҰҰ басшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, кездесу ойдағыдай өткен. Оның жұмысына БҰҰ-ға мүше 96 елді қоса алғанда 156 тарап, сондай-ақ, 33 халықаралық және өңірлік ұйымдар мен 22 ҮЕҰ қатысқан.

«Халықаралық қауымдастық ортақ пікірде: қазір Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру керек», - деп атап өтті Гутерриш. БҰҰ басшысының айтуынша, ауған экономикасын қолдау қажет және оның құлдырауын болдырмауға көмектесу керек. «Өздеріңіз білетіндей, үлкен қауіп бар, Ауғанстанда қолма-қол ақша жетіспейді», - деді ол.

БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ-ның «Талибан» қозғалысынан екі құжатпен (бірінші тәліптер гуманитарлық операцияларды жүргізуге кепілдік береді, ал екіншісі – гуманитарлық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы) жазбаша міндеттемелер алғанын растады .

«Біз «Талибан» қозғалысының халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастыққа деген қызығушылығын көріп отырмыз, яғни халықаралық қауымдастықтың ықпал ету тетігі бар», – деп сөзін толықтырды Антониу Гутерриш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1932050-buu-auganstanga-komekke-millard-dollardan-astam-qarazat-zinaldy/

pixel