Қырғызстанда ІІМ бұрынғы орынбасары билікті басып алмақ болды деген айыппен ұсталды
Опубликовано:

Қырғызстанда ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Құрсан Асанов ұсталды. Оған билікті басып алуға әрекет жасады деген айып тағылды деп хабарлайды 24.kg.
Қырғызстан ІІМ тергеу қызметі Қырғыз Республикасы қылмыстық кодексінің "Билікті күшпен басып алу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында Асанов басқа адамдармен сөз байласып, билікті күшпен басып алуға дайындалып жатқаны анықталған.
"Құрсан Асанов күдікті ретінде ұсталып, Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады елдің ішкі істер министрлігі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1932103-qyrgyzstanda-iim-buryngy-orynbasary-bilikti-basyp-almaq-boldy-degen-aiyppen-ustaldy/