Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Путин Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Опубликовано:

Путин
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары алдағы күндері Душанбеде өтетін ҰҚШҰ және ШЫҰ саммиттерінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді, оның ішінде, Ауғанстандағы ахуалды талқылады, сондай-ақ, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен күш-жігерді үйлестіруге келісті.

Айта кетейік, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонға анасы Шарлотта Джонсон Уоллдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Жоғары Мәртебелі Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтамын. Миссис Джонсон Уолл аса көрнекті тұлға болатын. Ол өзінің тамаша туындыларымен Біріккен Патшалықта және одан тыс жерлерде заманауи өнердің дамуына, ілгерілеуіне елеулі үлес қосты. Аяулы анаңыз жайлы жақсы естеліктер оны білетін адамдардың жүректерінде және жадыларында сақталатынына сенімдімін", – делінген жеделхатта.  

Айта кетейік, Шарлотта Джонсон Уолл 79 жасында өмірден өтті. Оның өліміне не себеп болғаны айтылмады. Шарлотта Джонсон өмір бойы сурет өнерімен шұғылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1932224-toqaev-pen-putin-auganstandagy-zagdaidy-talqylady/

pixel