Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды (видео)
Опубликовано:

Тәжікстанда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Душанбе қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды", - деп жазды Берік Уәли.
Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына келгенін жазған едік.
Қазақстан президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1932350-dusanbede-uqsu-uzymdyq-qauipsizdik-kenesinin-sessiyasy-bastaldy-video/