Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төмендегі жігіт": Байден сөз сөйлеп жатқанда Австралия премьерінің атын ұмытып қалды

Опубликовано:

Джо Байден крупным планом
Джо Байден. Фото: Drew Angerer/Getty Images

АҚШ президенті кезекті жиында сөз сөйлеп жатқанда Австралия премьер-министрінің есімін ұмытып қалды. Осы сәттің үзіндісі Twitter-дегі 6 News Australia парақшасында жарияланды.

15 қыркүйекте Ұлыбритания, АҚШ және Австралия AUKUS деп аталатын үшжақты қорғаныс альянсының құрылғанын жариялады. Оның мақсаты – Үнді-Тынық мұхиты аймағында Қытай экспансиясына қарсы тұру.

Сәрсенбідегі жиын кезінде, сөз америкалық көшбасшы Джо Байденге берілді. Алайда ол Австралия премьер-министрі Скотт Моррисонның есімін ұмытып қалды.

Оның орнына Байден әріптесін "төмендегі жігіт" деп атап, Америка Құрама Штаттарының "ең жақын қос серіктесіне" қосылу үлкен құрмет екенін айтты.

Айта кетейік, Ұлыбритания, АҚШ және Австралия құрған AUKUS үшжақты қорғаныс альянсы жасанды интеллект, кванттық технологиялар мен кибернетиканы да қамтиды.

"AUKUS-тың алғашқы бастамасы ретінде Әскери-теңіз күштері үшін ядролық сүңгуір қайықтарды алуға Австралияны қолдауға міндеттіміз. Бұл әлеует Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы тұрақтылыққа ықпал етеді және біздің ортақ құндылықтарымыз бен мүдделерімізді қолдау үшін пайдаланылады", – делінген олардың ортақ мәлімдемесінде.

Дегенмен британиялық шенеуніктер жаңа қорғаныс келісімі ешбір елге жауап емес деп сендіріп отыр. Олардың сөзінше, бұл келісім Үнді-Тынық мұхиты аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатуға және бейбіт "ережеге негізделген тәртіпті" сақтауға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1932383-tomendegi-zigit-baiden-soz-soilep-zatqanda-avstraliya-premerinin-atyn-umytyp-qaldy/

pixel