Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ауған босқындарын орналастыруға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ауған босқындары
Фото: Sayed Khodaiberdi Sadat/Anadolu Agency via Getty Images

Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті. Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауған босқындары туралы сөз қозғады деп хабарлайды Ақорда.

Президент ҰҚШҰ-ға мүше елдер аумағында ауған босқындарын және шетелдің әскери базасын орналастырудың тиімсіздігі туралы ортақ ұстанымды қолдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, гуманитарлық көмек пен ауған халқына халықаралық қолдау көрсетудің маңыздылығы ескеріліп, БҰҰ-ның Ауғанстандағы Миссиясының қызметкерлері Алматы қаласында уақытша орналастырылғанын айтты.

"Біздің бақылауымызша Ауғанстандағы жағдай аса қатты тұрақсызданып, азамат соғысына ұласуы мүмкін. Жаңадан уақытша үкімет құрылды. Оның құрамы мен ниеті туралы әлемде әртүрлі пікір бар. Жаңа тәліп әкімшілігінің құрылуы Ауғанстанда бейбітшіліктің орнағанын және экономикалық тұрғыдан даму үшін қажетті жағдайлар жасалатынын білдірмейді. Бұл жерде күтпеген кедергілер бары анық", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалдың ушығуына алаңдайтынын білдірді. Оның пікірінше, осы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай гуманитарлық дағдарысқа қарай бет алған.

"Ауғанстанмен арадағы қалыптасқан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық байланыстарды мүмкіндігінше қайта қалпына келтіру маңызды деп санаймын. Ауғанстандағы ұзақмерзімді стратегиялық ұстанымдарын әзірлеуге қатысты жаңа биліктің қызметін мұқият бақылауды жалғастыру қажет деп ойлаймын. Біздің негізгі бағдарымыз – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі. Қазақстан оны толық қолдауға ниетті", – дейді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1932432-toqaev-augan-bosqyndaryn-ornalastyruga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel