Пәкістан премьер-министрі Тоқаевты өз еліне шақырды (фото)
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен кездесті деп хабарлайды Ақорда.
Пәкістан премьер-министрімен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өзара сенім мен сыйластыққа негізделген екіжақты қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы ортақ мүддені көздейтін салалардағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды. Қазақстан Президенті сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастықты арттыру мәселесіне арнайы тоқталып, Имран Ханды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Пәкістан премьер-министрі өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты нығайтуға септігін тигізетін логистикалық мүмкіндіктерді дамыту маңызды екенін айтты, сондай-ақ, Қазақстан Президентін Пәкістанға сапармен келуге шақырды.
Кездесуде олар Ауғанстандағы ахуал мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ойларымен бөлісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1932471-pakistan-premer-ministri-prezident-qasym-zomart-toqaevty-oz-eline-saqyrdy-foto/