Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ШҚО-дағы өзеннің ластануына қатысы бар адамдарды жазалауды тапсырды

Опубликовано:

Қалжыр
Фото: aikyn.kz/ Қалжыр өзені, Күршім ауданы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенінің ластануы мәселесін шешуді тапсырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Айқын" газетінің бүгінгі нөміріне "Қалжырды кім ластап жатыр?" деген мақала жарияланған еді. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген.

Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді", - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Мақсат Толықбай желідегі парақшасында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы тұрғындарының жанайқайын жеткізген болатын.

Журналист Қалжыр өзенінің экожүйесі алтын өндіруші компанияның кесірінен бұзылып жатқанын айтып, өзен бойындағы жағдайды видеоға түсіріп алған.

Ол ел президентінен Күршім ауданындағы мәселеге тікелей назарға алып, коммисия жіберуін сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1933350-toqaev-sqo-dagy-ozennin-lastanuyna-qatysy-bar-adamdardy-zazalaudy-tapsyrdy/

pixel